Транскаспий дәлізін салуға тағы бір ел тартылады

10 Сәуір 2023, 18:21
1011
Бөлісу:
Транскаспий дәлізін салуға тағы бір ел тартылады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Әзербайжан президентімен кездесуде Транскаспий дәлізі бойынша бірқатар келісім жасалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен бүгінгі кеңейтілген форматтағы келіссөздердің нәтижелерін жоғары бағалаймын, бұл біздің екіжақты байланыстарды жан-жақты нығайтуға ниетті екенімізді тағы да растады. Біз ынтымақтастығымыздың бүкіл аспектілері бойынша пікір алмастық. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективалары мен бағыттарын талқыладық. Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары бұрынғыдан да ашық әрі жан-жақты бола түсті. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жандана түсті, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бүгін қол қойылған бірқатар жаңа келісім екі елдің серіктестігіне одан әрі серпін беретінін атап өтті.

Тоқаевтың мәлімдеуінше, Транскаспий халықаралық көлік бағытын толық ашудың маңызы зор.

Бұл жерде мәселе логистикалық қызметтерді жетілдіру, бірыңғай көлік операторларын құру, техникалық және тарифтік шарттарды жаңғырту, әкімшілік кедергілерді жою және тұйық логистикалық циклді қалыптастыру туралы болып отыр. Орта дәлізді дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған Жол картасын тиімді жүзеге асырудың да маңызы зор. Біз бұл бағытқа қызығушылықтың артқанын барынша пайдалану және оның инфрақұрылымын дамытуға үшінші елдерді тарту маңызды деп келістік. Осы шаралардың барлығы, сондай-ақ халықаралық әріптестерімізбен тығыз ынтымақтастық Шығыс-Батыс бағыты бойынша жүктерді жеткізудің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, - деді Мемлекет басшысы. 
 

Өзгелердің жаңалығы