Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамптың туған үйі Нью-Йоркте қомақты сомаға сатылып жатыр

14 Қараша 2025, 09:35
400
Бөлісу:
 Bild
PHOTO
Фото: Bild

Куинстегі Jamaica Estates ауданында АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп дүниеге келіп, төрт жасына дейін тұрған үй сатылымға қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап. 

Бұл ғимаратты оның әкесі Фред Трамп 1940 жылы салған. Жылдар өте келе үй бірнеше рет иесін ауыстырған. 

Трамптың туған үйі Нью-Йоркте қомақты сомаға сатылып жатыр

2016 жылғы сайлау қарсаңында инвестор Майкл Дэвис оны 1,39 млн долларға сатып алып, бір жылдан кейін оны Қытайдан келген сатып алушыға 2,14 млн долларға сатқан. 

Трамптың туған үйі Нью-Йоркте қомақты сомаға сатылып жатыр

Көршілердің айтуынша, ұзақ уақыт бойы қараусыз қалып, ауласында 30-ға жуық қаңғыбас мысық жүрген кезеңнен кейін бұл үйді құрылыс компаниясының өкілі Томми Лин сатып алды. Ол ғимаратты толықтай қалпына келтіріп, бастапқы қалпындағы кейбір элементтерін – қасбетін және көне пешін сақтап қалған, сонымен бірге заманауи техникамен жабдықтаған.

Трамптың туған үйі Нью-Йоркте қомақты сомаға сатылып жатыр

Енді жалпы аумағы 232 шаршы метр болатын жаңартылған мүлік қайта сатылымға шығарылды. Бағасы – 2,3 млн доллар (шамамен 1,98 млн еуро).

Өзгелердің жаңалығы