Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамптың тарифі: Қазақстанға соққы қалай келеді?

Олжас АДАЙ
9 Сәуір 2025, 09:45
2192
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

АҚШ-тык сауда тарифтерінің әсері туралы көптеген сарапшылар айтып жүр. Бірақ Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының директоры Бауыржан Темірбаев басқа қырынан қарап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселені сәл басқаша қырынан қарадым. 2023 жылғы әлем елдері арасындағы экономикалық байланыстарды көрсететін арнайы кестені (еск - ADB MRIO деп атайды) пайдаланып, тарифтердің бізге жанама түрде қалай әсер ететінін есептедім. Бұл кестеде 73 ел мен 35 түрлі сала қамтылған. Алдымен АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп енгізген "тарифтерін" қалай есептегенін түсініп алдым. Трамп әкімшілігінің айтуынша, бұл тарифтер АҚШ пен басқа елдер арасындағы саудадағы теңсіздікті жою үшін енгізілген. Яғни егер АҚШ бір елден көп тауар сатып алып, өзі аз сатса – тариф салады. Бұл импортты азайтуға көмектеседі деп есептейді, - дейді сарапшы.

Темірбаев тарифтерді елдердің экспорт пен импортына қарай қайта есептеген. Мысалы, АҚШ үшін тиімді елдерге 10% шартты тариф қойылды. Ал Қазақстан үшін, керісінше, тариф айтарлықтай көтерілген жоқ.  Себебі Қазақстан АҚШ үшін стратегиялық маңызды тауарлар жеткізеді.

Есептеу нәтижесі мынадай:

АҚШ-пен тығыз сауда жасайтын елдер ең көп зардап шегеді. Мысалы, Мексика экономикасы 6,79%-ға, Канада 5,64%-ға қысқарады. Еуропалық елдер де көп зардап шегеді.

Қазақстан болса, тікелей тарифтерге ұшырамаса да, жанама түрде әсер көреді. Біздің ЖІӨ 0,26%-ға қысқаруы мүмкін. Бұл модельдегі 73 елдің ішінде 65-орын. Ресей мен Қырғызстанда да жағдай ұқсас.

Салалар бойынша қарасақ, ең көп шығынға ұшырайтын – тау-кен өндірісі (шамамен -0,91%). Одан кейін өңдеуші өнеркәсіптер зардап шегеді. Бізге АҚШ тарифтері тікелей салынбағанымен, жаһандық экономикадағы өзгерістер Қазақстанға да әсер етеді. Бұл экономикалық өсімнің баяулауына әкелуі мүмкін, - деп түйіндеді Бауыржан Темірбаев.

Өзгелердің жаңалығы