АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде даулы мәлімдеме жасап, «бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылуы мүмкін» екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Трамп бұл пікірін Truth Social желісіндегі жазбасында жариялаған.
Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады, оны енді ешқашан қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды. Мен мұндай жағдайдың болғанын қаламаймын, бірақ, сірә, солай болатын сияқты. Алайда қазір толық әрі түбегейлі режим ауысуы жүріп жатыр, онда неғұрлым ақылды әрі радикалды емес күштер басым болуы мүмкін. Мүмкін, революциялық тұрғыдан әдемі бір өзгеріс болар, кім білсін? Біз мұны бүгін түнде – әлем тарихындағы ең маңызды сәттердің бірінде көреміз. 47 жылға созылған бопсалау, жемқорлық пен өлім ақыры аяқталуы мүмкін. Құдай Иранның ұлы халқына жар болсын! – дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ Иранды «бір түнде-ақ жоя алатынын» мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайға арналған баспасөз конференциясы барысында Венесуэла президенттігіне кандидат болуға ниетті екенін мәлімдеді.