Бүгін Трамптың импичменті бойынша соңғы дауыс беру кезеңі өткізіледі

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ Сенаты ел президенті Дональд Трамптың импичментіндегі баптарға қатысты дауыс берудің соңғы кезеңі өткізіледі.</h4>

 5 Ақпан 2020 2020, 14:05
5 Ақпан 2020 2020, 14:05
2024

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ Сенаты ел президенті Дональд Трамптың импичментіндегі баптарға қатысты дауыс берудің соңғы кезеңі өткізіледі.

Бұл туралы Интерфакс-Украина хабарлады.

Осылайша, бүгін сенаторлар импичмент ісіне нүкте қояды.

Президентті қызметінен босату үшін сенаторлардың үштен екісінің дауыстары қажет. 

Америкалық БАҚ-тың мәліметтеріне сәйкес дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-ге белгіленген.

Айта кетейік, АҚШ Конгресінің Жоғарғы палатасында Трамп импичменті процедурасы аясындағы сот ісінің қаралуы 21 қаңтарда басталған болатын. 

Онда бұрын өкілдер палатасындағы дауыс беру кезінде бекітілген екі пункт бойынша айыптаулар енгізілген: билікті асыра пайдалану және Конгрес жүргізген тергеуге кедергі келтіру. 

Трамптың командасы мен оларға қарсы тұрған демократиялық "импичмент бойынша менеджерлердің" сот процесі шеңберінде айғақтары мен дәлелдерін келтіру үшін 3 күн уақыт берілді.

Содан кейін 16 сағат ішінде сенаторларға сөз беріліп, олар іске қатысты сұрақтарын қойды.

Наверх