АҚШ-та Трамп саясатына қарсы наразылық шаралары Сиэтл, Лос-Анджелес пен Техас штаттарында жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Seattle Times-ке сілтеме жасап.
Сиэтлде ел президенті Дональд Трамптың көші-қон саясатына қарсы жаппай наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласқан.
Мыңдаған шеруші Капитолий төбешігі ауданына жиналып, қала орталығындағы федаралдық ғимаратқа қарай беттеген. Полиция тікұшағы әуеден шерушілерді бақылауға алды. Кейіннен кейбір шеруші полицейлерге тас лақтырып, тікұшаққа бағыттап фейерверк атып, қоқыс жәшіктерін өртей бастаған.
Салдарынан сегіз адам тұтқындалды.
Сондай-ақ Сиэтлден 400 шақырымда орналасқан Спокан қаласында да наразылық шеруі өтті. Ол жерде полиция шерушілерге жас ағызатын газ қолданса, мэр Лиза Браун коменданттық сағат енгізді.
Бұған дейін Лос-Анджелестің кей аудандарында коменданттық сағат жарияланды.
Калифорния штаты Трампты сотқа берді.