2024 жылғы сайлауда Дональд Трампты қолдаған американдық миллиардер Билл Экман баж салығын енгізуді үш тайға кейінге қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Миллиардердің айтуынша, АҚШ өзінің жаңа баж салығымен әлем елдерімен экономикалық ядролық соғысты бастайды, бизнеске инвестициялар тоқтайды, тұтынушылар шығындарды қысқартады және бүкіл әлем алдында Американың беделіне нұқсан келеді, ал онықалпына келтіру үшінондаған жылдар қажет болады.
Кәсіпкер тек ірі компаниялар ғана проблемаларға тап болмайтынын ескертті. Орта жәнешағынбизнесәлдеқайда көпқиындықтарға тап болады,өйткені іс жүзінде ешкім бір түндеөсіп келе жатқан шығындарды жеңе алмайды.
«Бизнес – сенім ойыны. Президент бүкіләлемдегі бизнескөшбасшыларының сенімін жоғалтады. Президентті қолдаған біздің еліміз бен миллиондаған азаматтарымыз үшін, атап айтқанда, үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған табысытөментұтынушылар үшінсалдары өтежағымсыз болады.Бұл біз дауыс берген нәрсе емес», – депжазды Экман Х әлеуметтікжелісінде.