Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Франция президенті Эммануэль Макрон және Италия премьер-министрі Джорджа Мелони келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ал бұған дейін Ақ үйге Еуропалық комиссияның (ЕК) басшысы Урсула фон дер Лейен мен НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте де жетіп алған екен.
Тікелей эфир Fox News телеарнасында өтеді.
18 тамызда Ақ үйде АҚШ пен Украина президенттері келіссөздер жүргізуі керек. Трамп Украина президенті Владимир Зеленский Қырымды ресейлік деп танып, НАТО-ға кіруден бас тартса, Ресей Федерациясымен қақтығысты "дереу" аяқтай алатынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Еуропа мен НАТО Зеленскийдің жанынан табылатындарын айтқан болатын.