Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп жарлығы: Дәрі-дәрмек тағы да қымбаттай ма?

12 Мамыр 2025, 10:45
813
Бөлісу:
 Andrew Harnik / Getty Images
Фото: Andrew Harnik / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде ел тарихындағы "ең маңызды жарлықтардың біріне" қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жарлық АҚШ аумағында рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектердің бағасын 30-80 пайызға дейін төмендетуді көздейді.

Өз мәлімдемесінде АҚШ басшысы америкалықтардың ондаған жыл бойы рецептуралық дәрі-дәрмектер үшін артық төлеп келгенін атап өтті. Ал көршілес елдерде сол препараттар сол зауыттарда өндірілгенімен, бағасы 5-10 есе арзан.

Фармацевтикалық компаниялар жылдар бойы мұның себебі ғылыми-зерттеу мен жаңа әзірлемелерге кететін шығындар деп айтып келді. Алайда бұл шығындарды еш себепсіз тек Американың "қарапайым халқы" көтеріп келді. Біз енді бәрін дұрыс жасаймыз, бұған демократтар да жылдар бойы ұмтылып келді. Сондықтан мен ертең таңғы 9:00-де Ақ үйде еліміздің тарихындағы ең маңызды жарлықтардың біріне қол қоятынымды қуана хабарлаймын. Рецептуралық және фармацевтикалық дәрі-дәрмектердің бағасы дереу 30-80 пайызға дейін төмендейді, - деп жазды АҚШ президенті.

Сонымен қатар Трамп әлем бойынша дәрі-дәрмек бағасы өсетінін айтты. Бұл елдер арасындағы баға тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін жасалады деп отыр.

Мен ең қолайлы ұлт саясатын енгіземін. Бұл АҚШ әлемдегі ең төмен баға төлейтін елмен бірдей баға төлейтін болады дегенді білдіреді. Елімізге енді әділетті қаралады, ал азаматтарымыздың денсаулық сақтау шығындары бұрын-соңды ойламаған деңгейде азаяды, - деп қорытындылады Трамп.

Бұған дейін АҚШ пен Қытай тарифтер бойынша келіссөздерде серпіліске қол жеткізгенін мәлімдеген болатын. Женевадағы келіссөздерден кейін Дональд Трамп Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың "толық қайта жүктелгенін" жариялады.

Өзгелердің жаңалығы