АҚШ президенті Дональд Трамп венесуэлалық мұнайдан түсетін табысты сот процестерінен қорғау жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақ үй басшысының жарлық мәтініне сәйкес, мұнайдан түскен кіріс Венесуэлаға тиесілі, алайда ол АҚШ аумағында «үкіметтік және дипломатиялық мақсатта» сақталып отыр және жеке тұлғалардың талап-арызына нысан бола алмайды.
Құжатта бұл қаражатты тәркілеу АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына қауіп төндіруі мүмкін екені, сондай-ақ "Вашингтонның Венесуэлада экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігеріне" нұқсан келтіретіні ерекше атап өтілген.
Мен Венесуэла халқын жақсы көремін және Венесуэланы қайтадан бай әрі қауіпсіз елге айналдыру жолындағы жұмысты бастап кеттім, – деп жазды АҚШ президенті өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарлықты жариялар алдында.
9 қаңтарда АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әскери араласуынан кейін Дональд Трамп Ақ үйде америкалық мұнай компанияларының топ-менеджерлерімен кездесті. Кездесу барысында Венесуэланың мұнай өнеркәсібін қалпына келтіру және өндіріс көлемін арттыру мәселелері талқыланатынын мәлімдеді.