Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Украина бойынша келісімге жақындағанын мәлімдеді

Бүгiн, 06:37
161
Бөлісу:
 ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесінде тараптар келісімге жақындап қалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы алдағы келіссөздер АҚШ-тың қатысуынсыз да нәтижелі болуы мүмкін.

Бұған дейін, 24 қаңтарда Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің қатысуымен үшжақты жұмыс тобының кездесуі өткен. БАӘ үкіметі кездесуді конструктивті деп бағалап, РФ мен Украина делегациялары арасында тікелей байланыс орнағанын атап өтті.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөздердің келесі кезеңі 1 ақпанда өтуі мүмкін екенін хабарлады. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио кездесудің екіжақты форматта өтетінін, алайда АҚШ оған қосылуы мүмкін екенін нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы