АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times-ты сотқа берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақ үй басшысы ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірді деген себеппен 15 млрд доллар көлемінде өтемақы талап етті. Ол басылымды 2024 жылғы сайлау кезінде өзіне қарсы теріс ақпарат таратты деп айыптап отыр.
Бұл Трамптың газетке қарсы екінші талабы. Бұған дейінгі алғашқы өтініш көлемінің тым ауқымды әрі рәсімдік талаптарға сай болмауына байланысты қабылданбаған еді. New York Times айыптауларды негізсіз деп есептеп, бұл әрекетті баспасөз еркіндігіне қысым деп атады.