АҚШ-тағы президент сайлауына Республикалық партия атынан қатысып, жеңіске жеткен Дональд Трамп Флорида штатындағы Палм-Бичте алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Саяси тартыстың шешуші бөлімі құбылмалы 7 штатта өткен. Бұлардың барлығында Трамп алға шықты. Осылайша, ол келесі президент атанды.
Трамп АҚШ-тың 47-ші президенттігіне қол жеткізу арқылы өз атын тарихта қалдырғаны сөзсіз, - дейді сарапшылар.
Бұған бір емес, бірнеше себеп бар. Трамп екі рет импичмент дауына қалған, қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылған, АҚШ тарихында екі рет әйел қарсыласты жеңу арқылы сайланған ең егде жастағы президент ретінде есте қалмақ. Өміріне екі рет қастандық жасалғанын да айта кету керек.
Америка бізге бұрын-соңды болмаған күшті мандат берді. Біз Сенатқа қайта бақылау орнаттық. Уау! Бұл керемет! Сондай-ақ біз Өкілдер палатасын да қадағалап отыратын сияқтымыз. Біз қарыздардан құтыламыз. Салықты азайтамыз. Енді біз ешкімнің қолынан келмейтін нәрселерді жасаймыз. Бізде үлкен білім, мықты және қуатты әскер бар. Бірақ ең дұрысы сол әскерді еш жерде қолданбасақ. Бізде соғыс жоқ, - деді АҚШ президенттігіне Республикашылар атынан үміткер Дональд Трамп.