АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде елдің рекордтық көлемде табыс тауып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АҚШ баж салығының арқасында рекордтық сома жинап жатыр. Бензин, азық-түлік және басқа да көптеген тауарлардың бағасы төмендеп келеді. Инфляция да азайып жатыр. Уәделер орындалды, - деп жазды ол.
Алайда, ақпан айындағы Ipsos және Washington Post сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың 53%-ы Трамптың экономикалық саясатын құптамайды.
Одан бөлек:
• 90%-дан астамы азық-түлік бағасына наразы;
• 70%-ы бензин мен энергия құнын сынға алған;
• 70%-ы баж салығы тауар бағасын қымбаттатып, америкалық жұмысшылар мен өндірушілерге зиян келтіреді деп есептейді.