Трамп қызметінің алғашқы күні 100 жарлыққа қол қойды

Бөлісу:
Трамп қызметінің алғашқы күні 100 жарлыққа қол қойды
Фото: Evan Vucci/AP Photo/picture alliance

Дональд Трамп Америка президенті қызметіне кірісті. Ол Ақ үйдегі алғашқы күнінде алдыңғы әкімшілік қабылдаған 80 шешімінің күшін жойды. АҚШ-тың жаңа 47-президенті қандай уәделер берді және не айтты? BAQ.KZ тілшісі қабылданған шешімдерге жеке тоқталды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі алғашқы күнінде өзінің сайлауалды уәделерін орындау мақсатында шамамен 100 жарлыққа қол қойды. Салыстырар болсақ, оның алдындағы президент Джо Байден қызметіне кіріскеннен кейін тек 17 құжатқа қол қоюмен шектелген еді. Сонымен қол қойылған маңызды құжаттар:

  • Трамп АҚШ пен Мексика шекарасында жалпыұлттық төтенше жағдай режимі енгізілетінін уәде етті. АҚШ президенті мексикалық есірткі картельдері террористік ұйымдар деп танылатынын айтты. Елдің оңтүстік шекарасына әскер жіберіледі.
  • Энергия ресурстарын өндіруді ынталандыру мақсатында Трамп энергетикада төтенше жағдай режимін жариялайды.
  • Трамптың айтуынша, ол әділет министрлігі мен сот жүйесінің саясаттануына байланысты әділетсіздікті өз басынан өткерді. Ол онымен күресуге уәде берді.
  • Президент сөз бостандығын қайтарып, мемлекеттік цензураны тоқтататынын атап өтті. Бұл үшін арнайы жарлық шығаратынын мәлімдеді.
  • Жаңа президенттің сөзінше, инаугурация күнінен бастап АҚШ-та тек екі жыныс – еркек пен әйел ғана мойындалады.
  • Трамп өзін бейбітшілік орнатушы деп атады. Ол әлемдегі ең қуатты армияны жасақтайтынына уәде беріп, АҚШ-тың әскери жетістіктері «тек шайқастардағы жеңістермен ғана емес, сонымен қатар соғыстарды болдырмаумен» өлшенетінін айтты.
  • Өз сөзінде Трамп Марсқа АҚШ туы тігілетінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ АҚШ Панама каналын бақылауына қайта алатынын және Мексика шығанағының атауын «Америкалық» деп өзгертетінін уәде етті.
  • Трамп әлемдегі ең мықты армияны құруға уәде берді.

Бізде ішкі дағдарыстардың ешқайсысын еңсере алмайтын үкімет болды. Бүгіннен бастап мұның бәрі тез өзгереді. Құдай мені Америкаға қайтадан ұлылығын қайтару үшін сақтап қалды. Біздің алтын дәуір енді басталды, - деді Трамп.

Өзгелердің жаңалығы