Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Қытайға 9 сәуірден бастап 50% қосымша баж салығын енгізетінін ескертті

8 Сәуір 2025, 00:32
1088
Бөлісу:
 Cheney Orr / Reuters
Фото: Cheney Orr / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Қытай Халық Республикасы америкалық тарифтерге жауап ретінде қабылдаған шараларды жоймаса, 9 сәуірден бастап Қытайдан келетін тауарларға 50% қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, Трамп Қытайдың 34%-дық жауап тарифтеріне реакция ретінде осындай қадамға бармақ.

Егер Қытай 2025 жылдың 8 сәуіріне дейін 34%-дық өсімді тоқтатпаса, АҚШ 9 сәуірден бастап Қытайға 50% қосымша тарифтер енгізеді. Сонымен қатар, Қытаймен біз сұраған кездесулерге қатысты барлық келіссөздер тоқтатылады!, - деп жазды Трамп.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Трамп сауда саласындағы ауқымды шараларды жариялап, АҚШ-қа жеткізілетін барлық өнімдерге 10% базалық тариф енгізілетінін мәлімдеді. Еуроодақ үшін бұл көрсеткіш 20%-ға, ал Қытай үшін 34%-ға дейін көтерілді. 4 сәуірде Қытай АҚШ-қа қарсы 34% баж салығын енгізді.

7 сәуірде Қытай СІМ өкілі Линь Цзянь АҚШ-тың баж салығын теріс пайдалануын экономикалық буллинг деп сипаттап, бұл шараның басқа елдерге ғана емес, Вашингтонның өзіне де зиян келтіретінін айтты. Оның пікірінше, бұл басқа мемлекеттердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіріп, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ережелерін бұзады.

Өзгелердің жаңалығы