Трамп: Қытай АҚШ-тағы ең ірі салық төлеушілердің біріне айналды

АҚШ президенті Дональд Трамп өз әкімшілігінің енгізген кедендік баждары арқасында Қытай американдық бюджетке ең үлкен кіріс көздерінің біріне айналғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Детройт қаласында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 freepik 14 Қаңтар 2026, 05:18
14 Қаңтар 2026, 05:18
559
Фото: freepik

АҚШ президенті Дональд Трамп өз әкімшілігінің енгізген кедендік баждары арқасында Қытай американдық бюджетке ең үлкен кіріс көздерінің біріне айналғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Детройт қаласында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай қазіргі уақытта біздің ең ірі салық төлеушілеріміздің біріне айналды. Қытай, мұндайды естимін деп ойлап па едіңіз?, - деді Трамп.

Президенттің айтуынша, тарифтерді шынайы төлейтіндер – американдық тұтынушылар емес, шет мемлекеттер мен делдалдар. Трамп бұл мәселені АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессентпен алдын ала талқылағанын жеткізді.

Наверх