Трамп Путиннің Иран уранын Ресейге тасымалдау туралы ұсынысын қабылдамады – Axios

Мұндай ұсыныс бірнеше рет айтылған.

 Anadolu Agency Кеше 2026, 14:12
Кеше 2026, 14:12
276
Фото: Anadolu Agency

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран уранын Ресейге тасымалдау туралы ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл ұсыныс алғаш рет айтылып отырған жоқ. АҚШ-тың ұстанымы – уранның қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету қажет, – деп мәлімдеді Axios басылымына америкалық шенеуніктердің бірі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путиннің Иранның байытылған уранын Ресейге әкету туралы ұсынысын қабылдамағаны жөнінде мәлім болды. Мұндай ақпаратты жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасаған америкалық Axios басылымы жариялады.

Басылымның жазуынша, осы аптада Трамппен телефон арқылы сөйлескен Путин Иранға жасалып жатқан шабуылдарды тоқтатуға бағытталған бірнеше бастама ұсынған. Соның ішінде Ресей басшысы Ираннан байытылған уранды Ресейге тасымалдауды көздейтін жоспарды да айтқан. Алайда Трамп бұл ұсынысты қолдамаған.

Материалда Ресейдің осындай бастаманы бұған дейін АҚШ пен Иран арасында ядролық бағдарлама бойынша өткен келіссөздер кезінде де көтергені, сондай-ақ 28 ақпанда басталған америкалық-израильдік шабуылдарға дейінгі бірнеше апта бойы осы мәселені ұсынғаны атап өтіледі.

Бұл ұсыныс жаңа емес. Ол тағы да қабылданбады. АҚШ-тың ұстанымы – уранның қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету қажет, – деді Axios-қа пікір білдірген америкалық шенеунік.

Бұған дейін АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарының кейінгі кезеңдерінде елге арнайы мақсаттағы бөлімшелерді жіберіп, жоғары деңгейде байытылған уран қорларын басып алу мүмкіндігі де қарастырылғаны хабарланған болатын.

Наверх