Трамп Путин және Зеленскиймен үшжақты саммит өткізуге дайын

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен үшжақты кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

 AP Photo / Jacquelyn Martin 10 Тамыз 2025 2025, 08:33
10 Тамыз 2025 2025, 08:33
876
Фото: AP Photo / Jacquelyn Martin

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен үшжақты кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі Ақ үйдің ресми өкіліне сілтеме жасап жари етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпаратқа сәйкес, саммитті өткізу үшін ықтимал орын ретінде Аляска қарастырылып отыр. Дегенмен, қазіргі жоспар бойынша алдымен Трамп пен Путин арасында екіжақты келіссөз ұйымдастыру көзделген.

Президент Дональд Трамп Аляскада Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен үш жақты саммит өткізуге ашық, - деді Ақ үйдің өкілі.

Айта кетейік, Трамп өзінің Путинмен кездесуін 15 тамызда Аляскада өткізетінін жариялаған болатын. Ақ үй келіссөздердің нақты мазмұны мен күн тәртібі кейінірек жарияланатынын атап өтті. Сонымен қатар, Аляскада бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқылануы мүмкін.

Наверх