АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі әкімшілік отырысында Ресей президенті Владимир Путинді Киев пен Украина қалаларына алдағы жеті күнде оқ атпауға көндіргенін мәлімдеді. Трамптың айтуынша, бұл шешім суық ауа райымен байланысты қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Украиндықтар ешқашан мұндай қатты аязды бастан өткермеген. Мен жеке өзім Путиннен бір апта ішінде Киев пен басқа қалаларға оқ атпауын өтіндім. Ол келісімін берді, – деді Трамп.
Дегенмен, Кремль мен Украина билігі Трамп мәлімдемесін ресми түрде растамаған. Financial Times газетінің журналисті Кристофер Миллер Украина шенеуніктерінің Трамптың мәлімдемесін естігенін, бірақ Ресейден ешқандай сигнал алмағанын хабарлады.
Сонымен қатар, Украина президенті Владимир Зеленский қысқы суық мезгілде энергетикалық бітімгершілік туралы келісімдерге қол жеткізгенін растады. Ол Трамптың Украина қалаларын ресейлік соққылардан қорғау мүмкіндігі туралы мәлімдемесін құптап, серіктестердің күш-жігерін бағалағанын әлеуметтік желіде жазды.
Президент Трамптың қысқы суық мезгілде Киевке және Украина қалаларына ресейлік соққылардан қауіпсіздік қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәлімдемесін бағалаймыз. Энергетика – өмірдің негізі, және біз серіктестеріміздің әрекетін жоғары бағалаймыз. Келісімдер орындалады деп үміттенеміз. Деэскалациялық қадамдар соғыстың аяқталуына қарай нақты қозғалысқа ықпал етеді, – деді Зеленский.