АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің уәдесін орындайді деп сенеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Трамптың пікірінше, Ресей басшысы Украинадағы атысты тоқтату жөніндегі “өз бөлігіндегі міндеттемелерін” орындайды.
Мен оның (Путиннің – ред.) бұл істі соңына дейін жеткізетініне көз жеткізгім келеді. … Ол маған не айтса, соны орындайтынына сенемін. Енді ол өз келісімінің бөлігін орындайды деп ойлаймын, - деді АҚШ президенті Ақ үйде өткен брифингте.
Сонымен бірге, Трамп қажет болған жағдайда Ресейге экономикалық қысымды күшейтуге дайын екенін ескертті:
Мен оның мұнайына қосымша баж салығын енгізгім келмейді. Бірақ егер ол өз міндетін орындай алмай жатыр деп есептесем, мен ондай қадамға баратыным анық, - деді ол.
Бұдан бөлек, АҚШ президенті Украинамен пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі келісімге де тоқталды. Ол бұған дейін бұл келісімді бұзуға тырысқаны үшін Украина президенті Владимир Зеленскийді айыптаған болатын.
Мен олармен (Украинамен – ред.) әлі сөйлескен жоқпын, бірақ сіздерден (журналистерден – ред.) естуімше, енді олар:
Біз бұл келісімге тек НАТО-ға кірсек қана қол қоямыз” деп жатыр екен. Біріншіден, бұл ешқашан талқыланбаған. … Путиннен бұрын-ақ Ресей “сендер НАТО-ға кірмейсіңдер” деп айтқан, - деді Трамп.