Трамп президенттік қызметтегі үшінші мерзім туралы айтты

АҚШ көшбасшысы мемлекет тізгінін қайта алуға ниетті.

 Anadolu Agency Бүгiн 2026, 12:14
Бүгiн 2026, 12:14
100
Фото: Anadolu Agency

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы қызметіне қайта сайлану мүмкіндігін қарастырып жүргенін айтты. Ол Конституциядағы түзетулерге қарамастан, мұндай құқығы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Әңгіме 1951 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына енгізілген 22-түзету туралы болып отыр. Бұл түзету президенттің қызметте екі мерзімнен артық отыруына шектеу қояды.

Мүмкін, біз тағы бір мерзімге қалатын шығармыз, - деді ол Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында бірнеше мың жақтасының алдында өткен митингте сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, Трамп алғаш рет 2017–2021 жылдары АҚШ президенті болды. Кейін ол 2024 жылдың қарашасында өткен сайлауда қайта жеңіске жеткен.

Наверх