АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Ол кездесуде америкалық және ресейлік тараптар Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде талқылайтынын мәлім етті.
Біз бұл соғысты тоқтата аламыз ба, жоқ па соны байқап көреміз, – деді Трамп Air Force One бортында журналистердің сауалына жауап бере отырып.
АҚШ басшысының сөзінше, бұл - жақсы мүмкіндік.
Бәлкім, қолымыздан келер, бәлкім, келмейді, бірақ меніңше, біздің өте жақсы мүмкіндігіміз бар, – деп түйіндеді Трамп.