Германияның бундестаг депутаты Родерих Кизеветтер Ресей президенті мен АҚШ басшысы қашан кездесетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның мәлімдеуінше, Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп наурыз айында кездеседі, ал канцлер Олаф Шольц Германиядағы 23 ақпанда өтетін сайлауға дейін Мәскеуге сапар жасауы мүмкін.
Канцлер Шольцтың Мәскеуге аттануы немесе 23 ақпанға дейін Путинмен кездесуі ықтимал екендігі туралы белгілер көбейіп келеді… Ал Трамп пен Путиннің кездесуі қазіргі уақытта наурыз айына жоспарланған, – деп жазады Кизеветтер әлеуметтік желідегі X парақшасында.
Кизеветтер Ресеймен келіссөздер жүргізуге қарсы екенін айтады, себебі "қазіргі жасалып жатқан барлық келіссөздер мен келісімдер Украинаға зиянын тигізеді және оны іс жүзінде бағындыруды білдіреді" деп жазды. Алайда депутат кейін жазбасын өшіріп тастады.