Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады

Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзіне жаңа қызметті таңып, оның скриншотын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Трамп Truth Social желісінде «Википедиядағы» өмірбаянға ұқсас скриншот жариялаған. Онда оның 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарып отырғаны көрсетілген. 

Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады
truthsocial.com/@realDonaldTrump

Сондай-ақ бұл қызметке 2026 жылдың қаңтарында тағайындалғаны жазылған. Бұдан бөлек, ол АҚШ президенті ретіндегі қазіргі қызметін де көрсеткен.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, республика астанасы Каракаста президент Николас Мадуро мен оның жұбайын тұтқындаған болатын. Кейінірек Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды. 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы