Трамп: НАТО бізге қажет кезде қолдау көрсетпеді

Келіссөздер алдында Трамп НАТО-дан шығу мүмкіндігін де қарастырғаны айтылды.

 freepik Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
130
Фото: freepik

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуден кейін альянсты Иранмен қақтығыс кезінде АҚШ-ты жеткілікті қолдамады деп сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Трамп Truth Social желісінде: «НАТО бізге қажет кезде болған жоқ», – деп жазды.

Ал Рютте CNN-ге берген сұхбатында кездесуді «өте ашық» деп бағалап, тараптар арасында пікір қайшылығы болғанын жасырмады. Оның айтуынша, Еуропа елдері әскери операцияларға логистика және әуе қолдауын көрсеткен.

Келіссөздер алдында Трамп НАТО-дан шығу мүмкіндігін де қарастырғаны айтылды. Соңғы апталарда ол альянсты бірнеше рет сынап, мүше елдерді АҚШ-қа жеткілікті қолдау көрсетпеді деп айыптаған.

Ақ үй өкілдері келіссөздердің нақты мазмұнын ашпады, бірақ тараптар диалогты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Наверх