Трамп Мексика шекарасындағы қоршауды қара түске бояуды бұйырды

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарадағы қоршауды қара түске бояуды бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bloomberg-ге сілтеме жасап.

 John Moore/Getty Images 20 Тамыз 2025 2025, 18:33
20 Тамыз 2025 2025, 18:33
696
Фото: John Moore/Getty Images

АҚШ Президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарадағы қоршауды қара түске бояуды бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bloomberg-ге сілтеме жасап.

Оның ойынша, құрылымның қара түсті болуы мигранттардың заңсыз өтуін қиындатады.

Бұл туралы АҚШ Қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм баспасөз конференциясында айтты. Оның сөзінше, жұмысшылар қоршаудың бір бөлігін бояуды бастап кеткен, ал Трамп қара түс мигранттарды қоршауға өрмелеуден бас тарттырады деп санайды.

Біз шекарадағы барлық қоршауды қара түске бояймыз, - деді Ноэм.

Эль-Пасо секторындағы шекара патрулі уақытша басшысының міндетін атқарушы Уолтер Слосардың мәліметінше, қазір күніне орта есеппен 41 адам ұсталады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш шамамен 400 болса, 2023 жылы 2300-ге жеткен.

Наверх