Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Мадуроға қарсы операция кезінде "құпия қару" қолданылғанын мәлімдеді

Бүгiн, 08:32
200
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп New York Post газетіне берген сұхбатында Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстау операциясы кезінде америкалық әскерилердің "құпия қару" қолданғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамптың айтуынша, әңгіме егжей-тегжейі ашылмаған арнайы «дезориентациялайтын құрылғы» туралы болып отыр.

Олар ракеталарын іске қоса алмады. Оларда ресейлік және қытайлық жүйелер болды, бірақ ештеңе жұмыс істемеді. Олар түймелерді басты – алайда ештеңе болмады, – деді АҚШ басшысы.

Бұған дейін The New York Times басылымы АҚШ-тың 3 қаңтардағы операциясы кезінде Венесуэлада орналасқан ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері радиолокациялық жүйелерге қосылмаған болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Басылымның нұсқасы бойынша, венесуэлалық әскерилер арасындағы үйлестіру мен дайындықтың төмен деңгейі операцияның сәтті өтуіне шешуші әсер еткен болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы