Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, Венесуэладан шығарылды

Кеше, 15:05
584
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайының ұсталып, ел аумағынан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның көшбасшысы — президент Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Николас Мадуро жұбайымен бірге ұсталып, елден тыс жерге әкетілді. Бұл операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүзеге асырылды. Толық ақпарат кейінірек жарияланады. Баспасөз мәслихаты бүгін жергілікті уақытпен сағат 11:00-де Мар-а-Лаго резиденциясында өтеді, – деп жазды Трамп.

Еске салайық,Венесуэла астанасында АҚШ-пен қарым-қатынастың шиеленісуі салдарынан жарылыстар болды.

Венесуэланың ресми билігі бұған дейін елде төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеп, Вашингтонды әскери агрессия жасады деп айыптаған. Елдегі жағдай әлі де күрделі күйде қалып отыр, ақпарат нақтыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы