Трамп Канада мен Мексикаға баж салығын енгізуді ұсынды

28 Қаңтар 2025, 07:48
457
Бөлісу:
Трамп Канада мен Мексикаға баж салығын енгізуді ұсынды
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп 1 ақпаннан бастап Канада мен Мексикаға 25% баж салығын енгізуге ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Wall Street Journal таратқан мәліметке сүйенсек, "Мексика үкіметі баж салығынан құтылу үшін жеткілікті нәрсе жасамаған".

Оның алдын алу үшін Мексика мен Канада не істеуі қажеттігі айтылмаған.

Осы орайда аталған елдердің билік өкілдері әлі ресми түрде лауазымына тағайындалмаған сауда министрі Говард Лютникті қоса алғанда, келіспеушілікті реттеу үшін хабарласулары қажет.

Бұған дейін Трамп Мексика мен Канадаға қатысты тарифтер 1 ақпанда енгізілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Трамп БРИКС-ке мүше мемлекеттерге жоғары сауда салығын енгіземін деп сес көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы