Трамп Иранмен ядролық келісімге келе ме?

11 Сәуір 2025, 16:15
534
Бөлісу:
Трамп  Иранмен ядролық келісімге келе ме?
Фото: Vox.com

Алдағы демалыс күндері американдық келіссөз жүргізушілер жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу үшін Оманға бет алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Vox.com-ға сілтеме жасап.

Бұл жолы басты тақырып – Иранның даулы ядролық бағдарламасы. Аталған келіссөздерге түрткі болған — АҚШ президенті Дональд Трамптың сейсенбі күні Оваль кабинетінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу барысында жасаған күтпеген мәлімдемесі.

Бізді өте маңызды кездесу күтіп тұр, әрі оның нәтижесі қандай боларын көреміз, - деді Трамп.

Ол бұл сөздерімен Иранға әскери соққы жасау мүмкіндігін меңзегендей болды.

Келісімге келу – бәріне де ұтымды. Ашық қақтығысқа бару – менің де, Израильдің де қаламайтын жолы, - деп атап өтті ол.

Айта кету керек, бұл жаңалық Нетаньяху үшін де тосын болған, және ол кездесудегі көптеген көңілсіз сәттердің бірі саналды.

Иранның ядролық нысандарына қарсы АҚШ немесе Израиль тарапынан әскери қимыл жасау ықтималдығы көп жылдан бері айтылып келеді. Алайда соңғы айларда бұл қауіп бұрынғыдан да шынайы бола түсті. Иранда қару жасауға жарамды уран қоры күрт артқан. Бұл режимнің ядролық қаруға бұрынғыдан әлдеқайда жақын екенін көрсетеді. Ал Израиль 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуылдардан кейін ираншыл қарулы топтарға қарсы жеткен әскери жетістігіне сүйеніп, батылырақ әрекет ете бастады. Оның үстіне, Иран аумағындағы нысандарға да табысты соққылар жасаған болатын. 

Трамп сәрсенбі күні "егер әскери қимылдар бола қалса, Израиль басшылық рөлді өз мойнына алады" деп мәлімдеді.

АҚШ тарапынан да белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Йемендегі хуситтерге қарсы соққылар – Вашингтонның Иранға қарата жасаған ашық ескертуі ретінде бағалануда. Сонымен қатар, АҚШ-тың Үнді мұхитындағы Диего-Гарсия аралына бомбалаушы-невидимка ұшақтарының үштен бірін орналастыруы да Иранға бағытталған елеулі сигнал ретінде қабылданды.

Соған қарамастан, Трамп тарапынан дипломатиялық шешім іздеуге деген ниет те байқалады. Биыл наурызда ол Иранның Жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменейге хат жолдап, келісімге келуге екі ай уақыт берген. Бұл мерзім осы демалыста өтетін келіссөздерден кейін басталмақ. Ал Иранның қазіргі президенті Масуд Пезешкиан бұрынғы қатаң саясат ұстанған президент Эбрахим Раисиге қарағанда келіссөзге бейілді көрінеді. 

Естеріңізге салсақ, Раиси өткен жылы әуе апатында қаза тапқан еді.

Осылайша, АҚШ пен Иран арасындағы ядролық шиеленіс жаңа кезеңге қадам басты. Бұл жолы соғыс қаупі мен бейбіт келісім арасындағы тепе-теңдік бұрынғыдан да нәзік көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы