Трамп Иранға қатысты шешім қабылдау кезеңінде екенін айтты

Трамп бұған дейін де Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін мәлімдеген.

 AP Photo / Alex Brandon 5 Қазан 2026, 01:29
5 Қазан 2026, 01:29
238
Фото: AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қатысты келесі қадамы бойынша шешім қабылдау кезеңінде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Ақ үйден Огайоға ұшар алдында журналистерге жауап берген Трамп Иранға қатысты шешім қабылдайтынын айтып, «оңай жол немесе қиын жол» деген таңдау тұрғанын жеткізді. Алайда ол бұл сөздерімен нақты қандай шараны меңзегенін түсіндірмеді.

Трамптың мәлімдемесі АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер жалғасып жатқан тұста айтылды. Вашингтон мен Тегеран арасындағы жағдай бойынша дипломатиялық арналар әлі де жұмыс істеп тұрғанымен, тараптар бірқатар мәселеде ортақ шешімге келген жоқ.

Сондай-ақ АҚШ президенті Иранның ядролық қару жасау жоспарынан іс жүзінде бас тартып жатқанын айтты. Трамп бұған дейін де Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін мәлімдеген.

Наверх