Трамп: Иранға қарсы операция жақын арада аяқталады

Қақтығыстың одан әрі дамуы мен оның нақты аяқталу мерзімі әзірге белгісіз.

 AP Photo / Mark Schiefelbein Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
195
Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein

Дональд Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы жақын арада аяқталатынын, алайда бұл осы аптада болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап берген Трамп: «Менің ойымша, жақын арада аяқталады», - деді.

АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери науқанды 28 ақпанда бастаған. Шабуылдар барысында Тегеранды қоса алғанда, елдің бірқатар ірі қалалары нысанаға алынды. Вашингтон бұл әрекеттерді Ираннан төнген зымыран және ядролық қауіптермен түсіндірді.

Өз кезегінде Иран жауап ретінде Израильге, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар елдердегі әскери нысандарына қарсы операциялар жүргізе бастады.

Қақтығыстың одан әрі дамуы мен оның аяқталу мерзімі әзірге белгісіз.

Наверх