АҚШ президенті Дональд Трамп шешімнің 2 сәуірде күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ CBS News-ке сілтеме жасап.
Осылайша, Ақ үй басшысы әлемдік сауда шиеленісін одан әрі өршітті. Импортқа салынған жаңа салықтық алым шағын жүк көліктерін қамтыды. Трамп бұл бастамасы арқылы АҚШ экономикасын жандандыруды көздеп, отандық өндірісті күшейтуді мақсат етіп отыр.
Сонымен қатар, ол шетелдік автоконцерндер АҚШ аумағында өз зауыттарын ашады деген пікірде. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жаңа салықтық саясат 2 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұл өзгеріс АҚШ-тан тыс жерде шығарылған америкалық автоөндірушілердің өнімдерін де қамтиды. Қазіргі таңда елде сатылатын автокөліктердің жартысы импорттық екенін ескерсек, бұл шешім салаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, Трамп автокөліктермен қатар фармацевтикалық тауарларға да қосымша салық салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар келесі аптадан бастап бірқатар елге қарсы жаңа қарымта алымдар енгізуді көздейді.