Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Еуропаға сауда тарифтерімен қоқан-лоқы көрсетті

Бүгiн, 11:52
136
Бөлісу:
 Cheney Orr/Reuters
Фото: Cheney Orr/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия төңірегіндегі жағдай мен Арктика аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін алға тартып, бірқатар еуропалық елдерге қатысты сауда тарифтерін енгізу ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, АҚШ ондаған жыл бойы Данияны, Еуропалық одақ елдерін және одақтастарын сауда шектеулерін енгізбей, іс жүзінде субсидиялап келген. Алайда енді бұл ұстанымды өзгерту қажет деп санайды. Трамп Қытай мен Ресейдің Гренландияға деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтып, ал Дания, оның пікірінше, аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр деп мәлімдеді.

АҚШ президентінің сөзіне сәйкес, 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды және Финляндия АҚШ-қа жеткізілетін барлық тауарларына 10 пайыздық тариф салынады. Ал 2026 жылдың 1 маусымынан бастап бұл мөлшерлеме 25 пайызға дейін өсіп,

"Гренландияны толық сатып алу" жөніндегі келісім жасалғанға дейін қолданыста болады деп көрсетілді.

Бұл ойынды тек Америка Құрама Штаттары ғана ойнай алады және оны табысты түрде жүргізе алады, — деп жазды Трамп. 

Оның айтуынша, АҚШ-тың және бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төніп тұр.

Сонымен қатар ол Вашингтонның Даниямен және өзге де елдермен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтып, Гренландияның жаһандық қауіпсіздік пен АҚШ-тың қорғаныс жүйелері үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы