Трамп Джон Кеннеди өлімі туралы шындықтың бетін ашпақ

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің 35-ші президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты деректерді жария етпек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 golosameriki.com 24 Қаңтар 2025 2025, 16:19
24 Қаңтар 2025 2025, 16:19
772
Фото: golosameriki.com

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің 35-ші президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты деректерді жария етпек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен президент Джон Ф. Кеннедидің өліміне қатысты жазбалардан ақпаратты редакциялау және жасыру қоғам мүддесіне сай келмейді деген қорытындыға келдім және бұл жазбаларды жариялау уақыты әлдеқашан жетті, – делінген Ақ үйдің сайтында жарияланған құжатта.

15 күн ішінде ұлттық барлау директоры мен АҚШ бас прокуроры президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі және президенттің кеңесшісімен бірлесіп, Джон Кеннедидің өліміне қатысты құжаттарды толық жариялауға арналған жоспарды мемлекет басшысына ұсынуға тиіс.

Сонымен қатар 45 күнде олар Роберт Кеннеди мен Мартин Лютер Кингтің өлімін тергеу материалдарын қарап, олардың жариялануына қатысты жоспар дайындауы керек.

Наверх