Трамп биыл "Талибтермен" келісім жасайды – кеңесші 

13 Қаңтар 2020, 12:21
1696
Бөлісу:
Трамп биыл "Талибтермен" келісім жасайды – кеңесші 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дональд Трамп осы жылы талибтер келіссімге қол қоюы мүмкін. Келісім болмаса да, АҚШ Ауғанстандағы әскерін азайтпақ. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен мәлімдеді.

Ауғанстан қарулы күштері қазір жақсы күресіп жатыр. Менің ойымша, жақын арада келісіммен не келісімсіз біз Ауғанстаннан әскерлерімізді шығарамыз, - деді Трамптың кеңесшісі Axios порталына берген сұхбатында.

О'Брайен "Трамп "Талибанмен" келісімді президент сайлауына дейін жасауы мүмкін бе" деген сұраққа Трамп келісімді осы жылы жасауы мүмкін екенін айтты.
Мен сайлаудың қай уақытта өтетенін негізге алып, талдап отырған жоқпын. Бірақ келісім биыл болуы ықтимал. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл жақсы келесім болу керек, - деді Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі.

Өзгелердің жаңалығы