АҚШ-та смартфондар мен электроникаға салынатын баж салығы жойылған соң, гаджет өндірушілері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
SamMobile басылымының журналистері АҚШ президенті Дональд Трамп смартфондар мен басқа да гаджеттерді жоғары кедендік алымдардан босатқанын хабарлады.
Samsung және өзге де компаниялар әзірге бизнесті әдеттегі режимде жүргізе алады – кем дегенде жаңа баждар енгізілгенге дейін, – деп жазды олар.
Сарапшылар Samsung смартфондары негізінен Вьетнамда шығарылатынын айтады. Бұл елден АҚШ-қа әкелінетін өнімдерге 46 пайыздық кедендік баж енгізілген еді. Егер бұл шектеулер күшінде қалса, Samsung, бәлкім, өндірісті Үндістанға көшіруді көздеген. Бұл елден әкелінетін тауарларға баж салығы - 26 пайыз. Материалда Samsung пен өзге де компаниялардың таяу арада бағаларды көтеруі екіталай екені жазылған.
Жаңа тарифтерден ең көп зардап шеккен ел – Қытай. Бұл елден АҚШ-қа Apple секілді ірі IT-гиганттардың өнімдері жеткізіледі.
Смартфондар, компьютерлер және басқа электроника кедендік баждан босатылғанымен, АҚШ-тан тыс елдерден келетін импорт бұдан былай 10 пайыздық тұрақты салық сақталады, – деп жазды журналистер.
Сонымен бірге, қытайлық OnePlus компаниясы тарифтерге жедел жауап беріп, Watch 3 ақылды сағатының бағасын 329 доллардан 499 долларға дейін көтерген.
Енді біз бағалардың бұрынғы қалпына қайта келуін күтеміз, – деп түйіндеді PhoneArena авторлары.