Трамп Ауғанстанда қалған техникаларын Ресей мен Қытай алып қойғанын айтты

10 Қазан 2021, 19:10
10974
Бөлісу:
Трамп Ауғанстанда қалған техникаларын Ресей мен Қытай алып қойғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей мен Қытай америкалықтар Ауғанстанда тастап кеткен тікұшақтарды зерттеп жатқанын айтты. 

Бұл туралы ол Айова штатындағы жақтастарының митингінде мәлімдеген. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Ресей мен Қытайда біздің тікұшақтарымыздың үлгілері бар. Олар қазір "Апачиді" бөлшектеп, зерттеп жатыр, жақын арада олар үздік техниканы жинайды, - деді Трамп.

Экс-президенттің айтуынша, Ауғанстаннан кетер кезде америкалық әскерлер "бірнеше ескі тікұшақты сындырып алған, бірақ жаңаларын емес".

Енді олар  біздің жауларымыздың қолында, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы