АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Виткоффтың Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльдегі кездесуіне қатысты алғашқы пікірін Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Менің арнайы өкілім Стив Виткофф жақында ғана Ресей президенті Владимир Путинмен өте нәтижелі кездесу өткізді, - деп жазды Трамп.
Айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді! Содан бері мен бірнеше еуропалық одақтастарымызды хабардар еттім. Барлығы бұл соғыстың аяқталуы керек екеніне келіседі және біз таяу күндер мен апталарда мұны істеуге тырысамыз, - деді Ақ үй басшысы.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейге сапары және Путинмен келіссөздерінен кейін Виткоффпен сұхбаты туралы хабарлады. Ол Виткофф пен Путиннің кездесуінен кейін "мүмкін оң, мүмкін теріс" мәлімдемелер жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Рубионың айтуынша, АҚШ Ресейге қарсы санкциялар туралы шешімді жақын арада қабылдайды.
Ақ үй Мәскеудегі кездесуді жоғары бағалады. "Ақ үй: Уиткоффтың Ресеймен кездесуі жақсы өтті", - деп жазады басылым Америка әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап.
Путин мен Уиткоффтың кездесуі 6 тамыз күні түстен кейін болып, шамамен үш сағатқа созылды. Америка президентінің өкілі Мәскеуге таңертең, Трамптың ультиматумының мерзімі аяқталуға бірнеше күн қалғанда келді.