АҚШ президенті Дональд Трамп елдің арсеналында көпшілікке беймәлім «өте қуатты қару» бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол News Nation телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сұхбат барысында жүргізуші америкалық әскери күштердің Венесуэла президентін ұстау кезінде дыбыстық қару қолданғаны жөніндегі ақпаратқа пікір білдіруін сұраған.
Алайда Трамп бұл сұраққа нақты жауап бермей, АҚШ-та құпия қару барын тұспалдады.
Бізде ешкім білмейтін қару бар. Мүмкін, бұл туралы айтпаған дұрыс шығар. Бірақ АҚШ-та таңғаларлық қару бар, – деді президент.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда АҚШ Венесуэла аумағында арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын ел астанасы Каракаста ұстаған еді. Кейін Мадуро Нью-Йорктегі Бруклин тергеу изоляторына жеткізілгені хабарланды.
Сонымен қатар ол «АҚШ-тың барлық жауларына» Венесуэладағыдай операция жүргізілуі мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін АҚШ президенті "Дональд Трампсыз НАТО бүгінде мүлде болмас еді" деп мәлімдеген еді.