Трамп: АҚШ Иранның 10 мина тасымалдаушы кемесін жойды

Оның айтуынша, бірнеше сағат ішінде АҚШ әскері «белсенді емес мина қайықтарын немесе кемелерін» соққылап, толықтай жойған.

 AP Photo / Julia Demaree Nikhinson 11 Наурыз 2026, 06:35
11 Наурыз 2026, 06:35
865
Фото: AP Photo / Julia Demaree Nikhinson

Дональд Трамп АҚШ әскери күштері Иран кемелеріне соққы беріп, 10 мина тасымалдаушы қайықты жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ президенті бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, бірнеше сағат ішінде АҚШ әскері «белсенді емес мина қайықтарын немесе кемелерін» соққылап, толықтай жойған.

«Соңғы бірнеше сағат ішінде 10 белсенді емес мина қайығын немесе кемелерді соғып, толық жойғанымызды хабарлауға қуаныштымын. Бұл – бәрі емес», – деп жазды Дональд Трамп.

Сондай-ақ ол Ормуз бұғазы маңында мина орнатуға әрекеттенген кез келген кеме жойылатынын ескертті. Трамптың айтуынша, мұндай жағдайда АҚШ есірткі контрабандасымен күресте қолданылатын технологиялар мен зымыран кешендерін пайдалануға дайын.

«Ормуз бұғазын миналауға тырысқан кез келген кеме біржола істен шығарылады. Оларға тез әрі қатал жауап беріледі», – деп жазды ол.

Наверх