Трамп: АҚШ Иранға қатысты әрекеттерде НАТО қолдауына мұқтаж емес

Сонымен қатар, ол Иранмен келіссөздер және ықтимал мәміле жасау мәселесіне қатысты пікір білдіріп, «екінші тарап келісімге келгісі келеді» деп атап өтті.

 AP Photo / Alex Brandon Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
113
Фото: AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы әскери әрекеттер кезінде НАТО елдерінің қолдауына мұқтаж болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, одақтастардан көмек сұрау – олардың мүмкіндігін тексеру мақсатында жасалған қадам болған.

«Олар маған қажет емес еді, бірақ сол жерде болуы тиіс еді. Біз Иранның әскери әлеуетін толық жойдық. Маған ешкімнің көмегі керек болмады», - деді Трамп BBC-ге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Иранмен келіссөздер және ықтимал мәміле жасау мәселесіне қатысты пікір білдіріп, «екінші тарап келісімге келгісі келеді» деп атап өтті.

Бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы жағдайға байланысты атысты тоқтату және келіссөздер процесі бірнеше рет талқыланған болатын. Алайда тараптар арасындағы қайшылықтар әлі де сақталуда.

Наверх