Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп АҚШ экономикасындағы қиындықтар үшін Байденді айыптады

30 Сәуір 2025, 22:54
520
Бөлісу:
 © AP Photo / Pool
Фото: © AP Photo / Pool

Дональд Трамп ел экономикасындағы проблемаларға бұрынғы президент Джо Байденді кінәлады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Трамптың емес, Байденнің қор нарығы. Мен қызметке 20 қаңтарға дейін кіріскен жоқпын. Ел дамуға дайын тұр, бірақ Байденнің шамадан тыс әрекеттерінен арылуымыз керек, - деп жазды Трамп.

Оның сөзінше, алдағы уақытта кедендік баждар өз нәтижесін бере бастайды және шетелдік компаниялар АҚШ нарығына бұрын-соңды болмаған көлемде келе бастайды.

Трамп сондай-ақ өзінің президенттігі тұсында Америка жүз жыл ішінде алғаш рет ірі құрылымдық өзгерістерге қол жеткізгенін атап өтті. Сонымен қатар ол Байден әкімшілігінің заңсыз иммиграцияны тоқтата алмағанын сынға алып, елге жаңа көшбасшы қажет екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы