АҚШ президенті Дональд Трамп барлық мемлекетті ядролық қарудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақ үйдің Telegram-арнасындағы ресми аккаунтында мәлім болды.
Егер барлығы өздерінің ядролық қаруынан бас тартса керемет болар еді. Мен Ресейде және бізде оның әлдеқайда көп екенін білемін. Қытайда да төрт-бес жылда дәл сондай деңгейге жетеді. Егер біз бәріміз ядролық қарудан бас тарта алсақ, керемет болар еді. Өйткені ядролық қарудың қуаты ақылға қонымсыз, - деді Трамп.