Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 5 миллионға жуықтап қалды.
Америкалық көшбасшы Дональд Трамп АҚШ-тағы COVID-19 коронавирустық инфекциясы шегіне бастады деп санайды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Біз айтарлықтай прогрестің дәлелін көріп отырмыз. Бұл - вирустың шегіне бастағанының белгісі, - деді од Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Ұлттық губернаторлар қауымдастығы Трампты COVID-19-ға қарсы Ұлттық гвардияның операцияларын федералды бюджет есебінен қосымша қаржыландыруға шақырды.
АҚШ Президентінің айтуынша, соңғы аптада елде анықталған жағдайлардың саны шамамен 6%-ға төмендеген. Жалпы, елде коронавирустық инфекцияны анықтау үшін 60 миллион тест жүргізілген.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та 3 тамызда 4,71 миллион COVID-19 оқиғасы тіркелді, 155,3 мыңнан астам адам қайтыс болды.