Трамп 8 қарашада Виктор Орбанмен кездесуді жоспарлап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 қарашада Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Mark Wilson / Getty Images 30 Қазан 2025 2025, 01:29
30 Қазан 2025 2025, 01:29
723
Фото: Mark Wilson / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 қарашада Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Агенттік мәліметінше, кездесудің нақты өтетін орны әзірге белгісіз.

Бұған дейін Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто Орбанның қараша айының басында АҚШ-қа ресми сапармен баратынын растаған болатын. Оның айтуынша, Вашингтон мен Будапешт “достық және одақтастық қатынастарды” дамытуға мүдделі.

Наверх