Тозған аяқ киім, тозбаған кәсіп: Етікшінің бір күні

28 Наурыз 2025, 10:28
1037
Бөлісу:
Тозған аяқ киім, тозбаған кәсіп: Етікшінің бір күні
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Етікшілік көне кәсіптің бірі. Бүгінде бұл мамандық тек қолөнер ретінде ғана емес, табыс көзіне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Етікші тек аяқ киімдердің жыртығын тігіп, жамап, түсіп қалған өкшесін қайта салып, жөндеумен ғана шектелмей, оларды бояйды, үшкір аяқ киімнің пішінін дөңгелек қылып жасап та береді. Өз ісінің нағыз шебері әрбір тапсырысты ерекше көңілмен орындап, материалдардың сапасын, жайлылығын және эстетикалық тартымдылығын ескереді. 

Екінің бірінің қолынан келе бермейтін бұл кәсіпті жанына серік еткен "Еңбек адамы" жобасының кейіпкері – етікші Жанат Айтақов.

Өзгелердің жаңалығы