Төтенше жағдайлар қызметі жолдарды қысқа дайындап жатыр

21 Қыркүйек 2022, 16:10
1370
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар қызметі жолдарды қысқа дайындап жатыр
Фото: автордан

Ертіс өңірінің төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өткен жылғы қыста қар басқан жол учаскелерін арнайы құралдармен жабдықтайды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Ақылбек Баяхметовтың айтуынша, облыс жолдарын қысқы мерзімге дайында төрт кезең бойынша жүргізіледі. Өткен жылдардағы сараптама бойынша өңірдің тас жолдарында қар басып қалатын 250 учаске анықталған. Биыл сол аумақтарда қардан қорғайтын құралдар орнатылады. 

Олардың жалпы ұзындығы шамамен 700 шақырымды құрайды. Мәселен, республикалық жолдың «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолы жыл сайын қар астында қалады. Өткен қыста бұл учаскені 14 рет жабуға тура келді. Қазіргі уақытта осы жол учаскесіне жауапты мердігер ұйым 30 қар тазалау техникасын сайлап қойды. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың күш құрылымда да техника бар, - дейді Ақылбек Баяхметов.

Жергілікті билік органдары 180-нен астам жылыту бекетін дайындап қойды. Мақсат – жолда тоқтап қалған жолаушыларға дер кезінде көмектесу. Осы орындарда бір мезетте 15 мың адамды орналастыруға болады. 

Жалпы, өңір бойынша қыста жолдарды күтіп ұстауға 24 кәсіпорын жауапты. Мердігер ұйымдардың иелігінде 200-ге жуық арнайы техника бар. Мамандардың мәліметінше, жергілікті маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға бюджеттен1 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ.

Өзгелердің жаңалығы