Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысына барды

Премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов таңертең Қостанай облысына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 6 Сәуір 2024 2024, 11:37
6 Сәуір 2024 2024, 11:37
725
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов таңертең Қостанай облысына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Міндеті - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмысты үйлестіру. Кеше Табол өзені деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Тобыл және Қостанай қалаларының елді мекендерін су басу қаупі туындады.

Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірлесіп эвакуациялық пункттерді, су басқан аула учаскелерін және Қостанай ауданындағы корей көпіріндегі бөгеттерді аралады. 

Айта кетейік, Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуына байланысты, өңірде жағдай ушығып барады. Бүгін Қостанайда төтенше жағдай жарияланды.  

Наверх